Қазгидромет 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады. Түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.