Бірінші орта салмақтағылар арасында өткен сында WBC Continental Americas титулы сарапқа салынды.
Дәурен Елеусінов «Головкиннің ізбасарынан» нокаутпен жеңілген соң әлемдік рейтингте орны төмендеді
Фото: sports.kz
3,653
оқылды

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (11-4-1, 10 КО) ирландиялық Каллум Уолшпен (10-0, 8 КО) жекпе-жегінде жеңілгеннен кейін Boxrec.com рейтингте төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елеусінов пен Уолш Нью-Йорктегі (АҚШ) бокс кешінде кездесті. Бұл жекпе-жек ирландиялық боксшының тоғызыншы раундта жеңіске жетуімен (техникалық нокаутпен) аяқталды, – деп жазды Sports.kz. 

Бірінші орта салмақтағылар арасында өткен сында WBC Continental Americas титулы сарапқа салынды. Осы жеңілістен кейін Дәурен Елеусінов BoxRec рейтингінде 162-орыннан 192-орынға төмендеген.

Айта кетейік, Каллум Уолш – қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлердің жаңа жұлдызы.