Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Фото: baq.kz
1,291
оқылды

2024 жылғы 20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында елордадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді.

Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сабақтары жоспарланған.

Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.

Мекенжайы: «Арғымақ» ат-спорт кешені, Астана қ., Рождественская тас жолы, 3.

Уақыты: 20 наурыз (сәрсенбі), сағат 10.00-де.

Дресс-код: ұлттық киім

Кіру тегін.