Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чехиялық Мартин Дошкошилмен бірге жұптық сында табысты өнер көрсетті.
Қазақстандық жас теннисші Хорватиядағы турнирдің финалисі атанды
Фото: ҚТФ
843
оқылды

Хорватияның Врсар қаласында ITF Juniors J300 сериясы бойынша жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чехиялық Мартин Дошкошилмен бірге жұптық сында табысты өнер көрсетті.

Қазақстандық-чехиялық дуэт финалға дейін жетіп, тек соңғы бәсекеде ғана хорватиялық Максимович – сербиялық Маркоринаға жол берді – 2:6, 3:6. 

Осылайша З.Нұрланұлы аталған жарыстың финалисі атанды.