22-24 наурыз күндері Грузияда дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады.
Аталған турнирде Қазақстан құрамасының бапкерлері төмендегі спортшыларға сенім артып отыр:
Ерлер:
60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов
66 келі: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан
73 келі: Бақытжан Әбдірахманов
81 келі: Мәди Амангелді
100 келі: Ислам Бозбаев
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай
Қыздар:
48 келі: Ғалия Тынбаева
52 келі: Балнұр Әбдешова
57 келі: Бақыт Құсақбаева
63 келі: Кристина Сотникова
70 келі: Екатерина Токарева
78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина
+78 келі: Кәмила Берліқаш, Карина Такиева
Айта кетелік, Грузия астанасына жалпы есебі 500-ге жуық балуан жиналады.