Қазақстан құрамасының боксшылары кезекті жарысқа аттанбақ. Бұл жолы құрама спортшылары Литваның Каунас қаласындағы халықаралық турнирде өзара мықтыны анықтайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы жиналатын бұл турнир 21-23 наурыз аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасы мына құрамда бақ сынайды:
51 келі: Даниял Сабит;
54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек
57 келі: Асылжан Серікбай
60 келі: Алмат Әбдуәли
63,5 келі: Жандос Қыдыралиев
67 келі: Елнұр Сүйінбай
71 келі: Фарух Тохтасунов
75 келі: Азамат Бектас
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
92 келі: Абзал Құттыбеков
+92 келі: Аманат Сабырғали