Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тұман түсіп, жел күшейеді: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com
2,565
оқылды

«Қазгидромет» 25 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді. 

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында  ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің барлық өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді.