Өте қарқынды өткен айқаста екеуі де аянып қалған жоқ.
Бекзат Таңатар Бакудегі халықаралық турнирде Джалоловты жеңді (ВИДЕО)
Фото: Бокс федерациясы
2,532
оқылды

Бокстан Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финалға шыққан тағы бір боксшымыз анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бокс федерациясының мәліметінше, 86 келі салмақ дәрежесіндегі Бекзат Таңатар аса тартысты өткен жекпе-жекте Өзбекстанның тәжірибелі боксшысы Самандар Джалоловтан жеңісті жұлып алды. 

Өте қарқынды өткен айқаста екеуі де аянып қалған жоқ. Бірақ жеңіске деген құштарлығы басым болған жерлесіміз нағыз панчерлік бокс үлгісін көрсетті.

Бұған дейін Талғат Сырымбетов Бакудегі халықаралық турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.