«Алау» мұз сарайында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігі 28 наурызда аяқталады.
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
803
оқылды

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бүгін 1500 метрге жарысудан жеңімпаздар белгілі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында Әділ Ғалиахметов (Астана) чемпион атанды. Екінші орынды Нұртілек Қажығали, қоланы Богдан Вехов иеленген.

Әйелдер арасында астаналық Малика Ермек топ жарды. Күміс медальді Алина Әжіғалиева, қоланы Ольга Тихонова еншіледі. 

«Алау» мұз сарайында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігі 28 наурызда аяқталады.