Бұған дейін финалға Сағындық Тоғамбай, Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш шықты.
Талғат Сырымбетов Бакуде өзбек боксшысын сенімді түрде жеңіп, финалға шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
1,381
оқылды

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирінде жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

60 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз өзбекстандық Бахтиер Асадовпен кездесті. Бірінші раундтан белсенді болған боксшымыз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жеңіске жетті. Отандасымыз енді ақтық сында әзербайжандық Азрак Бобировпен жұдырықтасады. 

Бұған дейін финалға Сағындық Тоғамбай, Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш шыққан болатын.