Әбиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан жарыстардың бәрінен жүлде алып келеді.
Әбиба Әбужақынова Түркиядағы Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz
1,875
оқылды

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова Антальядағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 48 келіде сынға түсетін Абиба қола медаль үшін күресте ресейлік Сабина Гилязованы жеңді. 

Төрешілер ресейлік спортшыға үш ескерту беріп, нәтижесінде Әбиба жеңімпаз деп танылды. 

Осылайша, Әбиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан жарыстардың бәрінен жүлде алып келеді.