17 автомобиль жолында (ұзындығы 801 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Бес облыста көлік жолдарын су басып қалды
396
оқылды

7 сәуір сағат 06:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстарындағы 10 жол жүру учаскесінде су тасқыны болды, –  деп жазады Aikyn.kz. 

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолында (ұзындығы 801 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмылдырылған.