Бұл – ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі.
Қазақстан құрамасы Қытайда өтіп жатқан әлем кубогында топ жарды
1,941
оқылды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл алды. 

Біздің команда 2 күн бұрын техникалық сайыста қолаға ие болған.

1. Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы;

2. Қытай (205.0300 балл)

3. Аустралия (196.6266 балл)

Бұл ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі. 

Сәл ертеректе Виктор Друзин мен Анна Павлецова аралас жұптық сынның еркін бағдарламасында күміс жүлдеге қол жеткізген. 

Қазір еншімізде 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль бар. Қытайдағы әлем кубогының кезеңі осымен аяқталды.