Астанада бокстан спаррингтік турнир өтіп жатыр.
Таиландтағы әлемдік іріктеу турниріне Назым Қызайбай баратын болды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
698
оқылды

Бокстан Олимпиада жолдамасы үлестірілетін соңғы турнирге баратын спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған спаррингте алғашқы жеңімпаз анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер боксында 50 келі салмақта 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай өте тартысты жекпе-жекте әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбековадан басым түсті.