Кездесудің алғашқы раундында Теміржанов алға шықты. Екінші раундты Бекбауов өз еншісіне жазды.
Спаррингтік турнир: Дулат Бекбауов Серік Теміржановты жеңіп, финалға шықты
Фото: ҰОК
1,229
оқылды

Бокстан Астанада өтіп жатқан лицензиялық турнирге іріктеу кезеңінде 63,5 келі салмақтағы екінші финалист анықталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалдағы екінші жекпе-жекте Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов кездескен болатын.

Кездесудің алғашқы раундында Теміржанов алға шықты. Екінші раундты Бекбауов өз еншісіне жазды.

Шешуші кезеңде төрешілер Бекбауовты жеңімпаз деп таныды. 

Осылайша, 67 келіден ауысқан Дулат Бекбауов ертеңгі финалдық жекпе-жекте Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен жұдырықтасады.