Тартысты айқаста Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті.
Бекбауовты жеңген Базарбайұлы лицензиялық турнирге баратын болды
Фото: ҰОК
1,557
оқылды

Астанада спаррингтік турнирдің финалдық кездесулері өтіп жатыр. Бүгін ерлер арасында 63,5 келі салмақтағы жеңімпаз анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл салмақтағы ақтық сында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов кездескен болатын. 

Тартысты айқаста Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті. Ол осы салмаққа жақында ауысқан Бекбауовтан финалда айласын асырды. 

Сондай-ақ, турнир барысында Базарбайұлы Ертуған Зейнуллинов пен Жандос Қарабалиевті жеңді. 

Осылайша, Таиландтағы соңғы лицензиялық турнирде ол Олимпиада жолдамасына таласады.