Жарыстың 8-ракеткасы Б. Жұқаев екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 430-сатыда тұрған америкалық Кристиан Лангмодан айласын асырды. Қазақстандық спортшы бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте брейк жасай алды – 6:3.
Екінші сетте тай-брейкте Бейбіт өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:6 Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Лангмо 13 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 135-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтонмен шеберлік таластырады. Ол рейтингіде 327-орындағы швейцариялық Антуан Бельені ұтты - 7:6, 6:4.
Қазақстандық теннисші ATP Live рейтингінде 185-орынға көтеріліп тұр. Бейбіттің бұған дейінгі үздік көрсеткіші 186-саты еді. Айта кетейік, бұдан бұрын 18 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің 1-ракеткасын жеңген.