Құқықтық сауат – құнды бастама

Заң үстемдігінің орнауы халықтың құ­қық­тық мәде­ниетінің даму процесімен тығыз­ бай­ланысты. Сондық­тан мемле­кеттің халықтың сауат­тылығын арттыруға ба-са на­зар аударуы маңызды.

Біздің елімізде әрбір мем-ле­кеттік орган құқықтық тү­сін­діру жұмыстарымен ай­на­лысады, бірақ мұндағы ведомствоаралық үйлес­тіруді Әділет министрлігі жүзеге асырады. Бұл бағыт­тағы жұмыстарды сапалы ете түсу үшін министрлік жүйелі іс-шараларды жүргізуге баса назар аудара отырып қайта қараған екен. Осы мақсатта «2024-2026 жылдарға ар­нал­­ған ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарының іс-шаралар жос­пары» әзірленген. Соның ішінде құжат негізгі 4 блокқа бөлініп отыр.

Халықтың тек құқықтық тұр­ғы­дан ғана емес, жалпы қай жағынан да, соның ішінде қаржы, дін, экономика, технология тұрғысынан да сауатты болғаны мемлекет, оның адами капиталы үшін өте үлкен жетістік. Десе де, осылардың бәрінің де негізінде құқық жатыр. Өйткені нигилизм мен сауат­сыздық азаматтық қоғам дамуын тек тежеп қана қоймай, орта ғасырларға ығыстырып тастайтын күшке ие екені айтпаса да түсінікті. Осы ретте құқықтық мәдениетті қалыптастыру табандылық пен асқан жауапкершілікті талап етеді. Осы уақытқа дейін құқықтық сауатты арттыру жұмыстарын мемлекеттік органдармен тұрақты негізде мүдделі тараптардың кең ауқымын тарта отырып БАҚ, әлеуметтік желілер, интернет-ресурстар арқылы жүргізген Әділет министрлігі халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етудегі сапа мәселелерінің өзектілігін ескере отырып, соңғы жылдары ақпараттық-түсіндіру жұ­мыс­тарын күшейтуге ден қойған екен. Нәтижесінде, үш жылдық жоспар қабылдап, оны әртүрлі мақсатты аудиторияға бағытталған 4 блокқа бөліп отыр. Олар іс-шараларды ұйымдастыру, азаматтардың ақпаратты өз бетінше зерделеуіне мүмкіндік беру мақсатында құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етудегі мемлекеттің белсенді рөлі, өскелең ұрпақ пен жастарды құқықтық тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыс және ауылдық жерлерді қолжетімді құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету сынды тарауларды қамтиды.

«Біз мемлекеттік аппараттың құқықтық түсіндіруге қатысты бүкіл жұмыстарын, соның ішін­де азаматтардың құқықтық түсін­дірудің жаңа тәсілдерін одан әрі дамыта отырып, қоғамның ең өзекті сұраныстарын анықтау бойынша өтініштерін талдап жатырмыз. Бұл жұмыстар мемлекеттік органдардың ресми сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында, азаматтардың өтініштерін қабыл­дау және өңдеуге арналған eOtinish бірыңғай платформасын­да жарияланған және өзіміз да­йын­даған екі анкета бойынша жи­нақталған ақпараттар негізінде жүзеге асырылады, – дейді Әділет  министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті Құ­қық түсіндіру басқармасының бас­шысы Әлия Садырбекова.

 Оның айтуынша «бірінші ан­кета» құқықтық на­сихат жұмыс­тары­ның деңге­йін және ең қажет етілетін ақпа­рат көздері мен түр­лерін анықтауға арналған. Бұл арқылы азаматтардың құқықтық ақпаратты қаншалықты сапалы және оңай ала алғанын біле аламыз. Мәселен, күні бүгінге бұл анкетаны 74 респондент толтырған екен. Ондағы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасын қан­шалықты білесіз?» деген бірінші сұраққа жартысынан астамы, яки 64 адам «өз құқықтарым мен міндетерімді білемін» деп жа­уап берген. Екінші сұрақта рес-понденттерге құқықтық ақпа­раттың қолжетімділігін бағалау ұсынылды. Мұнда 67 адам, яки 90,54%-ы оң жауап берген. Келесі сауал азаматтардың ақ­параттар-ды қандай мәлімет көздерінен алатыны туралы болды. Олардың көп­шілігі, нақты айтқанда 43 адам ұйымдар мен жеке тұлғалар­дың сайттарынан және жеке парақшаларынан алады екен. Ал «заң көмегіне қанша­лықты жиі жүгінесіз?» деген сауалға көпшілігі қажеттілігіне қарай деп жауап берген. Бесінші сұрақ­та азаматтардың құқықтық мә­де­ниетін көтеру үшін не қа­­жет екенін білмек болдық. Респонденттердің басым бөлігі «барлығы бала күнгі тәрбиеге және мектептер мен ЖОО-ларда берген білімге байланысты» деген пікірге тоқайласты. Анкетадан өту үшін «Ашық диалог» порталында тіркеліп, «Құқықтық мәдениет пен құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу бойынша халыққа арналған анкета» бөлімін тауып, оны толтыру қажет.

«Екінші анкета» аумақтық Әділет органдары арқылы, яки әр облыстың әділет басқармалары арқылы заң көмегін алатын азаматтардың пікірлерін есепке алуға бағытталған. Анкетаның көмегімен кері байланыс арқылы біз ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын бақылаймыз, яғни аза­мат­тарға кеңес берудің қа­лай жүргізілетінін, олардың сұрақ­тарына толық жауаптардың беріл­ген-берілмегенін және өтініш берушілердің өздері жауапқа қа­на­ғаттанғанын немесе қана­ғат­танбағанын талдаймыз. І тоқ­­сан бойы мұндай іс-шара рес­пуб­ликамыздың 4 қаласы мен 110 ауы­лында өтті. Онда 9 440 адам қамтылып, оларға атқарушылық өндіріс, нотариалдық қызмет, жер қатынастары, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық алу, алименттер және тағы да басқа мәселелер жөнінде мәлі­меттер берілді. Осылардың іші­нен 619 адам анкета толтырды. Бұл нысандағы құжатты ау­мақ­тық әділет органдарының қыз­меткерлері адвокаттармен, но­тариустармен, заң консультанттарымен және сот орындаушыларымен бірге ай сайын ауыл тұрғындарына заңгерлік көмек көрсету үшін ауылдарға барған кезіндегі «Заңи көмек көрсету күндері» атты кездесулер аясында толтыруға болады. «Іс-шараларды ұйымдастыру» деген бірінші блогымыз осы», – дейді басқарма басшысы.

Азаматтар заңдағы өзгерістер немесе қандай да бір жаңа заңның әзірленгені туралы көбіне олар қа­былданғаннан кейін ғана бі­ліп жатады. Яки, бұл олар еш­­­теңе өзгерте алмайды деген сөз. Ал заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары қандай да болмасын құқықтық реттеуге, соның ішінде оның даму сатысында ұсыныстар енгізуге құқылы. Міне, осы кемшіліктер «Азаматтардың ақпаратты өз бетінше зерделеуіне мүмкіндік беру мақсатында құқықтық ақ­па­ратпен қамтамасыз етудегі мем­лекеттің белсенді рөлі» атты екінші блокта қарастырылған екен. Осы мақсатта мемлекет азаматтардың пікірін есепке алу үшін «Ашық НҚА» порталын құрған болатын. Дегенмен бұл порталдың бар екенінен әлі де болса көп азаматтарымыз хабарсыз. Сол себепті Instagram желісінде қазақ және орыс тілдерінде @zan.onai парақшасы ашылған. Мақсат – «Ашық НҚА» порталында жарияланған нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарапайым тілде және қол­­­­­­­­жетімді нысанда түсіндіру, сол арқылы азаматтарды заң шы­­­ғару процесіне тарту. Одан бас­­қа eOtinish бірыңғай платфор­масында «Жиі қойылатын сұ­рақ­тар мен жауаптар» блогы ашыл­­ған, «Әділет» веб-сайтында және НҚА этолонды қадағалау банкін­де заңнаманы түсінікті тілде түсіндіре отырып, құқықтық ақпаратты ұсыну қолға алынған.

«Өскелең ұрпақ пен жастарды құқықтық тәрбиелеу бойын­ша жүйелі жұмыс» туралы да осыны айтуға болады. Бұл блокта Әділет министрлігі құ­қық­­­тық тәрбие ерте жастан бас­­­­­талатынын басты назарға алып, жас ұрпақтың құқықтық мә­дениетін қалыптастыруға баса көңіл бөліп отыр. Осы мақсатта, мәселен, мектептегі «Құқық негіздері» оқулығының мазмұны қайта қаралуда. Өйткені онда оқушыларға берілетін ақпараттар «күрделі» тілде жазылған, бұл оны оқушыларға да, тіпті мұғалімдерге де қабылдауына қиындықтар ту­ғызады. Сонымен қатар осы пән бойынша оқыту әдістемесін тұтастай қайта қарастырып, ауди­ториялық сағаттар, қосымша сабақтар аясында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп, жастарға кеңес беру үшін жастар ресурстық орталықтарын пайдалану жоспарлануда. Бұл ретте жастардың өздері де ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тартылады.

«Жоспар аясында басты назарды ауылдық жерлерге бөліп отырмыз. 4-ші блок соған ар­нал­ған. Осы ретте ауылдық елді мекендердің интернетке қол­жетімділігі әрқашан жеткілікті бола бермейтінін ескере отырып, негізгі құқықтық ақпараттарды Қазпоштаның стендтерінде, ауылдық кітапханаларда, ауыл­дық әкімдік ғимараттарында, сондай-ақ радиостансаларда және ауылдық жерлерде таратылатын баспа өнімдерінде орналастыру ұсынылады. Мәселен, Түркістан, Қызылорда, Қостанай және Ақмола облыстарының әкімдіктері өздерінің интернет-ресурстарында, соның ішінде әлеуметтік желілерінде және вокзал, автовокзал, әуежай, ХҚКО, СОСО, көпқабатты тұрғын үйлер сынды тағы да басқа қоғамдық орындарда Әділет министрлігі Құқықтық-ақпараттық қызметі­нің (ҚАҚ) байланыс телефондары көрсетілген анықтамалық ақпараттар ілінген.

Жалпы алғанда, 2023 жылы ҚАҚ үзіліссіз және демалыссыз тәулік бойы режимде құ­қық­­тық мәселелер бойынша 194 357 тегін анықтама және ке­­ңес беру қызметін көрсетті. Оның ішінде, «119» Бірыңғай бай­ланыс орталығы арқылы – 134 630, WhatsApp арқылы – 9 229, «Әділет» НҚА ақпараттық-іздестіру жүйесі арқылы – 4 775, «Виртуалды кеңесші» (чат-бот) виджеті арқылы – 14 162, «119Kenesbot» арқылы – 2 809, аза­­маттардың өтініштері бойын­­­ша келіп түскен жауаптарды «Бі­лім базасына» қосу арқылы –  28 032, жазбаша өтініштерге кеңес беру арқылы – 720 қыз­мет көрсетіл-ді», – дейді ӘМ Құ­қық түсіндіру және үйлестіру де­партаменті Құқық тү­сіндіру бас­қармасының бас сарапшысы Карина Ашжанова.

Оның айтуынша, есепті кезең­де халықты атқарушылық іс жүр-гізу заңнамасын түсіндіру бойынша сұрақтар, атап айтқанда, борышкерлер тізіліміндегі мәртебе-сі, сот орындаушыларының әре­кеттеріне немесе әрекетсіздігі­не шағымдану, шоттарын бұғаттан босату, атқа­рушылық іс жүргізуде-гі кезегі, сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу мөлшері анағұрлым көбірек қызықтырған екен Мысалы, борышкерлер ті­зі­ліміндегі мәртебесін тексеру бойынша 14 213 өтініш тір­кел-ген. Коммерциялық емес ұйым­дарды тіркеу немесе қайта тіркеу мәселелері бойынша 2 657 кеңес берілген.

Ал ауылдық елді мекендердегі ци­фрлық алшақтықты жою үшін тұрғындарға «Әділет» ақпарат­тық-іздестіру жүйесін пайдаланып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныса алуы үшін құқықтық ақпарат қол­жетімді жұмыс орнын ұйым­дастыра отырып, яки компьютер орнатып беру арқылы «Құқық кабинетін» ашу немесе eOtinish ресурсына қол жеткізу мүмкіндігі бар «Заң» дерекқорын орнату, Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметіне жүгіну немесе барлық ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар беру қарастырылуда. Соның нәтижесінде бүгінде Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының шалғай елді мекендерінде «Құқық каби­нет-тері» жұмыс істеп тұр.

Жалпы алғанда, «2024-2026 жылдарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының іс-шаралар жоспары» субъектілер-дің кең ауқымын, яки мүдделі мем­ле­кеттік органдар мен ұйым­дардың, үкіметтік емес ұйым­дардың, сарапшылық, ғылыми және басқа да ортаның өкілетті өкілдерін тарта отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуге басымдық беретін жүйелі шараларды көз­дейді. Оның ішінде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу әдістемесін және халыққа ақпарат жеткізудің жаңа тетіктерін қайта қарау бағыттары да бар.

Нұрлан ҚОСАЙ