Финал 14 сәуірде өтеді.
Эльжана Таниева әлем кубогының финалына шықты
Фото: Olympic.kz
2,033
оқылды

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, додада Қазақстан намысын Эльжана Таниева қорғайды. 

Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 131.400 ұпаймен бесінші орын алып, таспа және ұршықпен жаттығуда финалға шықты.

Финалдар 14 сәуірде өтеді.