Жаңаөзен қаласында ақтаулық «Каспий» футбол клубы Қазақстан Республикасы бірінші лигасы аясында өскемендік «Алтай» командасына қарсы ойын өткізіп, жеңіске жетті.
Жаңаөзендегі жарыста жеңіске жетті
633
оқылды

Айта кетейік, бұл ойын мұнайлы қалада алғаш рет өткізіліп отыр. Оған қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев арнайы қатысты. Шаһар басшысы бүгінгі лига қала үшін тарихи сәт болғанын айтады.  

– Жаңаөзенде ашық футбол­дан алғаш рет жарыс өтіп жатыр. Алдымен осы ойынның өтуіне үлкен септігін тигізген облыс әкі­мі Нұрлан Ноғаевқа алғысымды білдіремін. Бұл ойын біздің жас­тарымызға, өскелең ұрпаққа спорт­тың жаңа бағытын көрсетіп, серпін береді деген үміттемін. Футбол халық арасында жоғары танымалдылыққа ие болуда. Сон­­­дықтан ары қарай футболды Жаңа­­өзен қаласында дамытуды жалғастырамыз деген сенімдемін, – деді Жансейіт Қайнарбаев.   

Жарыс Жаңаөзен қаласын­дағы Әмин Тұяқов атындағы ста­дионда өтті. Ойынға мыңдаған жан­күйерлер қатысып, жерлес­терімізге қолдау көрсетті. Бі­рін­ші лига нәтижесінде, «Каспий» фут­бол клубы 4:1 есебімен жеңіске жетті. «Каспий» футбол клубы­ның басшысы Нұржан Жалғас­баев жарысқа  спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде бол­­ғанын атап өтті. 

– Бірінші лигаға ақпан айы­нан бастап дайындықты баста­дық. Бұл «Каспий» футбол клубы үшін жыл басынан бері екінші ойын болды. Алғашқы ойын Арыс қаласында өтіп, жеңіспен оралған болатынбыз. Дәл сол нәтижені бүгін де қайталадық, – деді Нұржан Жалғасбаев.

Ойын аяқталған соң екі ко­ман­­даның өкілдері баспасөз кон­ференциясына қатысып, бүгінгі лига туралы өз пікірімен бөлісті. Бұдан былай «Каспий» футбол клу­бының өз жерімізде болатын өткізетін ойындарының барлығы  Жаңаөзен қаласында өтетін бола­ды дейді мамандар. 

– Араға 32 жыл салып, қала­мызға үлкен футбол қайта оралды. Мен осындай жоғары деңгейдегі жарысқа алғаш рет келіп тұрмын. Әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Ойын кезіндегі атмосфера да тым бөлек екен. «Каспий» фут­бол клубының жанкүйері екенім­ді мақтаныш тұтамын. Мен де жанымдағы достарым да барлы­ғы­мыз ақтаулық командаға сене­міз. «Каспий», алға! Спорт­шы­лары­мыз жақсы ойын көрсетіп жа­тыр. Болашақта бұл коман­да­дан үлкен жеңістер күтеміз. Бү­гін­гідей жарыстар Жаңаөзенде жиі өтіп тұрса, жанкүйер ретінде ал­ғысымыз шексіз, қуаныш­ты­мыз, – деді жанкүйер Ернар Нұр­ланұлы.

Тағы бір қуанышты жаңалық, қала әкімдігі халықтың  футболға деген зор қызығушылығын көріп, Жаңаөзенде «Каспий» футбол орталығы бөлімшесінің ашуға қол­­дау білдіретінін айтты.

Сағындық РЗАХМЕТОВ,

Маңғыстау облысы