Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-де төрт бірдей қазақстандық теннисші бар.
Қазақ қызы Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады
Фото: ҚТФ
1,677
оқылды

Қазақстандық Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Aikyn.kz  федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр. 

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Родион Трайгель 27-орынға шықты.

Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт Каминский – 42, Аңсар Ниетқалиев 69-сатыда келеді. Ахмади Мақанов бірден 74-сатыға жоғарылады, қазір ол 111,  Диас Төлепбергенов 116-орында (+44). Қыздар арасында Руслана Русланова 80-сатыда. 

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-де төрт бірдей қазақстандық теннисші бар. Әмір Омарханов – 13, Даниал Рахматуллаев – 68, Соня Жиенбаева – 30, Асылжан Арыстанбекова 41-орында келеді.

Олардың барлығы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турниріне қатысудан үмітті.