Әкімдік инвесторға құрылыс-монтаж жұмысын мерзімін ұзарту туралы шешімді кешіктірді.
Прокуратура инвестордың құқығын қорғады
Фото: istockphoto.com/ru
606
оқылды

Түркістан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның  ParkViewResidence ЖШС инвесторы құқықтарын бұзу фактісінің жолын кесті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде инвестор премиум-класс тұрғын үй құрылысы жобасы аясында 9,6 млрд теңге инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамтыды.

Сонымен қатар кәсіпкер биыл қосымша 14 коттедж салуға 6,7 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр.

Құрылыс-монтаж жұмысы кестесінің кешігуіне байланысты (аяқталу мерзімі 31.12.2023 жыл) облыс әкімдігі инвестордың   ParkViewResidence ЖШС нысандарын пайдалануға беру мерзімін ұзарту мәселесін ұзақ уақыт бойы шешпеді.

Қажетті шешім қабылдауын жергілікті атқарушы органның жасанды түрде кешіктіргені белгілі болды.

Облыстық прокуратураның ұсынысынан кейін әкімдік   ParkViewResidence  ЖШС құрылыс мерзімін 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды. 

Инвестициялық жобаны қолдау жалғасуда. Прокуратура бақылап отырады.

Бұған дейін  Бас прокуратура су тасқынына байланысты үш облыста сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлаған болатынбыз.