Университетті таңдау кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алу керек: университеттің беделі (оның ішінде әлеуеті, халықаралық кеңістіктегі университеттің рейтингі, білім беру сапасы, білім беру бағдарламаларын халықаралық және Ұлттық аккредиттеу), сондай-ақ таңдалған мамандықтың еңбек нарығында сұранысы және әлеуметтік инфрақұрылымы (оның ішінде жатақханамен қамтамасыз етілуі). Еліміздің барлық университеттерінің ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) ерекше орын алады, онда Жоғары қаржы-экономикалық білім беру бағдарламалары бойынша Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде жүзеге асырылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі жетекші жоғарғы оқу орны және ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады. 1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын жақсартып келеді. Жалпы, даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған. Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, Технопарк қызмет атқарады.
Жыл сайын әлемнің жетекші университеттеріне профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің халықаралық ынтымақтастығы мен академиялық ұтқырлығы кеңейіп келеді. Экономика және бизнес жоғары мектебінде білім беру заманауи инновациялық әдістерді қолдана отырып, классикалық білім берудің озық дәстүрлері негізінде жүргізіледі.
Осыған байланысты ҚазҰУ Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде «Экономика» білім беру бағдарламасы қазақстандық еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңа мазмұнмен толықтырылады. Сондай-ақ «Цифрлық экономика» атты жаңа білім беру бағдарламасы пайда болды. Әлемдік экономика мен жаһандық еңбек нарығының дамуы туралы болжамдарға сәйкес алдағы бес жылда осы бағдарламаның түлектері қазақстандық және әлемдік еңбек нарықтарында сұранысқа ие болады. Олардың дипломдары еңбек нарығында тар бейінді мамандықтарды бітіргендерге қарағанда артықшылыққа ие болады. Қазіргі уақытта ҚазҰУ Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде кафедралар жанынан жұмыс берушілер кеңесін құру арқылы тұрақты негізде жұмыс берушілермен ынтымақтастық белсенді дамып келеді.
А.СМАҒҰЛОВ,
PHD, қауымдастырылған профессор
М.АБДРАЕВ