Айлықта айырмашылық көп

Елімізде номиналды жалақы мен модальды жалақының арасындағы айырмашылық азаймай тұр.

2023 жылы модальды жалақы мөлшері орташа статистикалық деңгейден 4 есе төмен болды. Мәселен, былтыр төртінші тоқсанда номиналды жалақы көлемі 322,8 мың теңге болса, модальды жалақы 81,4 мың теңгені құраған. Бұл деректі finprom.kz сарапшылары келтірді.

Айта кетейік, номиналды жә­не модальды деген ұғымдар – ор­та­ша айлық жалақыны есеп­теу­дің әдістемесі. Оны Ұлттық ста­­­­тистика бюросының (ҰСБ) ма­мандары математика амал­да­рын қолдана отырып жасайды. Яғни, номиналды жалақы деге­ні­міз – қызметкердің күндік, ап­та­лық, айлық еңбегі үшін тө­ле­нетін қаражат. Дегенмен қар­жы мамандары номиналды жа­ла­қы халықтың тұтыну көр­сет­кіші мен тұрмыс деңгейін толық сипаттай ал­майтынын айтады. Ал мо­даль­ды жалақы – ең жиі кездесетін жа­лақы мөлшері, ол көбінесе қыз­меткерлердің санын қамти оты­ра есептеледі. Бүгінде сол жал­дамалы қызметкерлерге тө­ле­нетін номиналды және мо­даль­ды жалақысы арасындағы ал­шақтық жоғары, 2022 жылы ол көр­сеткіш 4,5 есе болатын. 

Finprom.kz сарапшылары эко­номикалық қызмет түрлері бойынша деректерді саралай келе, модальды жалақы саладағы та­быс деңгейіне байланысты қа­лып­тасатынын айтады. Мәселен, тау-кен өнеркәсібінде номинал­ды жалақының орташа деңгейі айтарлықтай жоғары (608,7 мың теңге), сондай-ақ модальды жа­лақы – 417,7 мың теңге. Өйткені тау-кен және мұнай өндірісі кә­сіпорындарында кездесетін жа­ла­қы республикадағы ең жоғарғы көр­сеткіш саналады.

Одан кейінгі орынға ІТ сек­то­ры мен байланыс саласы шық­қан. ҰСБ деректеріне сәйкес, «ай­тишниктер» мен ақпаратт­ан­дыру мамандарының модальды жалақысы 297,5 мың теңге кө­ле­мін­де. Осы сомаға жақын жала­қы­ны (295,8 мың теңге) логис­ти­ка саласындағылар алады. Мо­­­дальды жалақы бойынша төменгі көр­сет­кіш – қызмет көрсету саласы, сау­да және білім беру ісінде. Мұн­дағы жайт білім беру сала­сын­­да қызметкердің көптігімен жә­не олардың көпшілігінде та­быс­тың аздығымен түсіндіріледі. 

Бір есептен модальды жа­ла­қы – еңбек нарығының индикаторы. Бұл тұрғыдан кел­ген­де Қазақстандағы жалдамалы қы­зметкерлердің басым бөлігінің орташа атаулы жалақыға (322,8 мың теңге) қолы жетпейді. ҰСБ был­тырғы деректеріне қарасақ, жал­­дамалы қызметте жүрген­дер­дің 60,4%-ы 300 мың теңгеге дейін ғана табыс тапқанын бай­қай­мыз. Еңбеккерлердің жалпы са­нының төрттен бір бөлігі 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін, 11,4%-ы 500 мыңнан 1 млн ­тең­геге дейін алады. Елімізде ай­лы­ғы миллион теңгеге жететін­дер­дің саны – 78,3 мың адам, яғ­ни 2,3% ғана.

Ел тұрғындарының орташа жа­лақы көрсеткішін анықтаудың бір тәсілі – медианалық жалақы көр­сеткіші. Медианалық жалақы тө­лемінің цифрі елдегі жұмыс­кер­лердің 50%-ы азырақ, ал 50%-ы одан көбірек алатынын біл­діре­ді. Яғни, компаниядағы штат құ­рамы 5 адам деп алайық. Бас­шы­сының айлығы 600 мың тең­ге, басқа қызметкерлердің жа­ла­қысы сәйкесінше: 450 мың, 200 мың, 170 мың, 150 мың теңге. Мі­не, мамандар мұндағы жала­қы­ның медианалық мәні 200 мың теңге деп есептейді, себебі екі қызметкер көбірек (600 және 450 мың теңге), ал екеуі азырақ (170 және 150 мың теңге) алып тұр. Осы себептен, сарапшылар ме­дианалық жалақыны халық­тың табысының неғұрлым шы­найы көрсеткіші деп санайды.

Егер жалақыға қатысты де­ректерді өңірлер бойын­ша қарастырсақ, еңбек нары­ғын­дағы индикатор да бірнеше есе ерек­шеленіп көрінетініне көзіміз же­теді. Мысалы, Астанада жал­да­малы қызметкерлер 2023 жылы ор­та есеппен алғанда 297,5 мың тең­ге табыс тапса, бас қаланың айналасындағы Ақмола облы­сын­да көрсеткіш – 82,1 мың тең­ге. Айырмашылық бірнеше фак­торларға байланысты. Ма­ман­дардың пайымынша, аймақ­тар мен мегаполистерде ең төмен жа­­лақы алатын салалардағы жұ­­­­­мысшылар саны да әртүрлі. Екін­­­шіден, көрсеткішке гиг-эко­­­номиканың үлесі мен шағын биз­­­нестің даму динамикасы әсер ете­ді. Сондай-ақ бұл жерде кө­лең­­келі экономика деңгейінің де кө­рінісі бар. 

Экономикалық зерттеулер инс­­титутының аға сарапшысы Ай­­герім Аманжолова ресми ста­тистика нақты жағ­дайдың бей­несін бермейтінін айта­ды. «Кез кел­ген қызметкер жа­лақысы жыл­дан-жылға өсіп ке­ле жатқа­нына қатты қуанаты­ны сөзсіз. Дегенмен бұл нақты емес, бұл жерде атаулы көрсеткіш ту­ралы сөз қозғалып жатқанын ес­те сақ­таған жөн. Біріншіден, де­рек­тер төлеуге жататынына емес, есеп­теуге жататынын көр­се­тіледі. Шынайы алып қарасақ, қыз­меткер шамамен 20%-ға аз ала­ды, өйткені осы сомадан са­лық­тар мен аударымдар ұстала­ды. Екіншіден, статистика тек сан­дардың тілін, ал «атаулы» сөзі тек ақша қаражаттарына қол­же­тімді тауарлар мен қызметтердің ба­ла­масын емес, тек ақша бала­ма­­сын ғана көрсетеді», – дейді ма­ман. 

Ұлттық статистика бюросы сарапшыларының есе­бін­ше, былтыр модальды жалақы нақ­ты мәнде 1,6%-ға өскен. Тіп­ті, кейбір өңірде көрсеткіш ин­фля­цияны басып озған. Мәсе­лен, Павлодар облысында ең жиі кез­десетін жалақы 81%-ға, Шы­ғыс Қазақстан облысында – 59%-ға, Ақтөбе облысында 52,9%-ға көбейді.

Инфляция демекші, АҚШ-тың 40-президенті Рональд Рей­ган кезінде инфляцияны «на­ша­қор-тонаушыдай қатыгез, қа­ру­лы бандиттей қорқынышты, қанқұйлы кісі өлтірушідей ажал жет­кізуші» деп сипаттаған екен. Айтса айтқандай-ақ. Қазақстан хал­қының тапқан табысын жеп, тиы­нынан теңге құратпай, жал­мап отырған да осы – инфляция атты құдырет.

2023 жылғы Әлемдік бәсекеге қа­білеттілік рейтингіне (IMD) қа­тысқан 64 елдің ішінде Қазақ­стан (48, 24%) 59-орынды ие­лен­ді. Аталған рейтинг азық-түлікке жұм­салатын шығындар көрсет­кіші негізінде түзілген. Тізімнің басында АҚШ (6,49%), Сингапур (6,9%), Ұлыбритания (8,19%), Швей­цария (8,82%), Ирландия (8,98%), Канада (9,77%), Аустрия (10,38%), Аустралия (10,82%), Фин­ляндия (11,09%) және Гер­ма­ния (11,26%) мемлекеттері тұр. Euromonitor International дерек­теріне сәйкес, Африканың кей­бір елдерінде тұрғындардың азық-түлік тауарларына жұм­сай­тын шығындары Қазақстанға қа­­­рағанда аз: Эфиопияда – 41,3%, Угандада – 44,2%, Каме­рун­да – 45,2%.

Экономистер ел неғұрлым бай болса, азық-түлікке жұм­салатын шығындардың үлесі соғұрлым аз болады деп пайым­дай­ды. Демек, тамақтан артыл­ған қаражат ақылы қызметтерге және басқа да қажеттілікке жұм­салуы тиіс. Алайда елімізде азық-тү­лікпен қоса, ақылы қызмет құ­ны да қымбаттап келеді. Finprom.kz порталының дерегінше, 2024 жылдың ақпан айының қо­ры­тындысы бойынша Қазақ­стан­да ақылы қызметтер бір жыл­да 12,8%-ға көтерілген. Оның ішін­де су бұру, қоқыс шы­ғару, ыс­тық су мен суық су, электр энер­гиясы сынды үздіксіз пай­да­ланатын қызметтерге тариф қо­­­сылып отыр.

Обалы нешік, ел тұрғындары орта есеппен 370 мың теңгеден жо­ғары жалақы алғанды қалай­ды. Сарапшылар мұндай қоры­тын­дыға hh.kz порталына жол­данған 400 мыңнан астам жұмыс іздеушінің түйіндемесіне талдау барысында келіпті. Алайда «үй­де­гі ойды базардағы нарық бұза­ды» демекші, нарық ұсынып отыр­ған жалақы көрсеткіші әзір­ге қуантпай тұр.

Бауыржан БАЗАР