Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Фото: ҚТФ
1,218
оқылды

Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазспорт телеарнасының мәліметінше, 2 сағат 51 минутқа созылған тартысты ойында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, польшалық теннисші осы турнирде былтыр жеңіске жеткен.