Бұл – үлкен жетістік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда
651
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Бұған дейін Елена Рыбакина «Порше» автокөлігіне  ие болғанын жазған болатынбыз.