Асланбек Шымбергенов наурызда Италияда өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.
Боксшы Асланбек Шымбергенов ұлды болды
Фото: YouTube
1,858
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов ұлды болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы спортшының әлеуметтік желіде жарияланымдарынан мәлім болды. Боксшыны жақындары мен достары сәбилі болуымен құттықтап, жазба қалдырған. Көбі «Батырдың бауы берік болсын! Әкесі сияқты чемпион болсын!» деп тілек жолдап жатыр.

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов наурызда Италияда өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Енді биыл шілде айының соңында Парижде өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.