Қытайдың Шанхай қаласын­да садақ атудан Әлем кубо­гы­ның ал­ғаш­қы кезеңі басталды. Жарыстың бірін­ші күні қазақ­стандық әйелдер құра­масы блоктік сайыста қола жүл­­деге ие болды.
Тарихи жүлде
484
оқылды

Бұл – тарихи жүлде – Әйелдер құ­ра­ма­сының әлем кубогы кезең­дерінде жеңіп алған алғашқы жүл­десі. Бұған дейін садақ атудан біздің команда ку­бок­­тік сындарда мүлде медаль алмаған. 

Блоктық садақ ату кезеңінде спорт­шы қыздарымыз – Адель Жек­сен­би­нова, Айжан Сейдах­метова, Виктория Лян, өнер көрсетті. 1/4 фи­налда Қазақ­стан құ­ра­масы Токио Олимпиадасында чем­пион атанған Оңтүстік Корея қыз­дары­нан басым түсті – 234:230. Ал 1/2 фи­нал­да біз­дің әйелдер құрамасы Ита­лияның спортшыларына қарсы жарыс­ты, есеп – 227:227 (28:29). Үшінші орын үшін та­лас­та қыздарымыз Эстония құра­ма­сы­нан озып – 231:224, қола жүлдеге ие бол­ды. 

Бұл дода 28 сәуірде мәресіне жетеді. Әлем­дік жарысқа Қазақ­стан сапынан 16 спортшы қатысып жа­тыр. Классикалық са­дақ ату ке­зеңін­де Париж Олимпиада­сы­­ның ли­цензиясын жеңіп алған спорт­­шы­­ларымыз Ильфат Абдуллин, Дәулет­келді Жаңбырбай және Александр Ере­менко бақ сынайды.

Асыл ТҰМАР