Басқа құқық деректері жалпы реттеушілік маңыздылыққа ие емес. Олар жекелеген, көмекші, не қоғамдық қатынастарды реттеудегі толықтырушы рольдерінде болады.
Нормативтік құқықтық актілерде көпшіліктің және жеке адамдардың мүдделерін қорғайтын құқық нормалары бекітіледі және оларды нақтылы экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және осы тарихи кезеңдердегі халықаралық жағдайларға байланысты үйлестіреді.
Әділет органдары туралы Қазақстан Республикасы заңының 18-бабына сәйкес Әділет органдары жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу қызметін жүзеге асырады.
Бұл орайда тек «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-1-бабына сәйкес, осы заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.
Әділет органдары мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерді тіркеу барысында, ең алдымен құқықтық сараптама жүргізеді.
Ол өз кезегінде, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген тікелей құзыретінің болуын қажет етеді, яғни заң актілерінде мемлекеттік органның тиісті нормативтік құқықтық актіні немесе нақты тәртіптерді, нысандарды және басқа құжаттарды бекіту құзыреті тікелей көрсетілуі тиіс.
Демек, қабылданған нормативтік құқықтық актілерде азаматтардың заңмен көзделмеген құқықтары мен бостандықтарын шектейтін нормалардың қамтылуына жол берілмеуін қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған қағидалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі орталық және жергілікті органдардың құзыреті «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес айқындалады. Нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Әзірлеуші органмен барлық сараптама алынып, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, нормативтік құқықтық акт жобасы Әділет органдарына келісуге жолданады. Келісуге түскен нормативтік құқықтық акт жобасына Әділет органдарымен сарптама жүргізіледі. Сараптама нәтижесі бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда қайта пысықтауға жолданады. Кемшіліктер анықталмаған жағдайда жоба келісіліп, әзірлеуші органмен мемлекеттік тіркеуге ұсынлады.
Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқытық актілер Қазақстан Республикасының электронды қадағалау банкіне автоматты түрде жарияланады. Бұл нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының кез келген азаматы танысуына болады.
М.ҚАЙРАТОВ,
Абай облысы, Әділет департаментінің
нормативтік құқықтық актілерді
тіркеу бөлімінің басшысы