Мәжіліс депутаттары 22 сәуір күнгі отырыста құмар ойынға тәуелділікпен күресу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ойын бизнесі мен лотерея қызметіне қатысты заңнамалық өзгерістер мен ілеспе түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленіп отыр.
Құмар ойынға құмартпа
863
оқылды

Елімізде құмар ойын ойнай­тын­дар қатары көбейген. Осыдан екі жыл бұрын, 2022 жылы ресми ста­тистика елімізде құмар ойынға тәуел­ді азаматтар саны 350 мыңнан асып кеткенін мәлімдеген. Өкі­ніш­ке қарай, биыл ол көрсеткіштің өскені білінді.

15 наурызда өткен Ұлттық құ­рыл­тай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лу­доманияны «қауіпті кесел» деп ата­ды. «Кейбір мәліметтерге қара­сақ, 400 мыңға жуық азамат – бук­мекерлік кеңселер мен кази­но­лар­дың тұрақты клиенті. Бұл – тұтас бір қаланың халық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лу­до­мания – бейбіт күнде елдің шыр­­­­қын бұзып жатқан қатер. Со­ның кесі­рінен талай шаңырақ шай­қалды. Талай азамат заң бұзып, қыл­­мысқа ұрынды. Бұл дерт жас ұр­паққа өте үлкен зиян келтіреді», – деді Пре­зи­дент.  

Расында да, еліміздегі ойын ­құ­марлардың жасы жасарып келе-ді. Былтыр компьютерлік ойын-дарға көп уақытын жоғалтатын-дардың 50,1%-ы 14-18 жастағылар екені мә­лім болған.

Аталған заң жобасына қатысты жұ­мыс тобының жетекшісі Елнұр Бей­­сенбаевтың сөзінше, құма­ройын­ға тәуелділікпен күресу –    қо­ғам үшін өзекті мәселе. Құма­р ­ойын­дарға және бәс тігуге қа­­тысу­дың жа­сы 21-ден 25 жасқа дейін көте­рі­леді. Депутат заң жобасында бук­ме­­керлік кеңселер мен казино­лар­дың жарнамасын шектеу қа­­­­рас­ты­рыл­ғанын айтты. Ендігі уақытта үй­лер­де, ғимараттарда, құрылыс-тар­дың қоршауларында, көліктер-де сыртқы жарнама орналастыруға тыйым салынады. Одан бөлек, ин­тернет ресурстарында, ресми сайт­тарда, телеарналар мен радио-да, мер­зімді баспа басылымда-рында, ки­нода, мобильді опера-тор лардың SMS хабарламаларында да жар­на­маға толық тыйым салы­нады. Бұл тыйым әлеуметтік желі­дегі бло­гер­лерге де қатысты.

Лудомания – латынның ludo  сөзінен шыққан, яғни «ойнаймын» дегенді білдіреді. Әрине, баланың ойыны бір бөлек, бұл жердегі әң­гіме ойынқұмарлық, ойынға тұ­ты­лу жайында. Ойынға тәуелділіктің бір сипаты – ақшаға ойнау. Құ­ма­р­ ойын­­ға салынып, психологиялық ауытқуға ұшырауды ғылымда «gambling – тәуелділік» деп атайды. Қа­зақ мұндайда «ойының осыл­ғыр» деп бірақ қайырған. Сол «ойы­ны осылғандар» соңғы жыл­дары қоғамда көбейіп кеткен.

Жаңа заңға сәйкес, алимент жә­не несие берешегі өтелмеген аза­маттар, яғни борышкерлердің бі­рыңғай реестрінде тұрған аза­маттардың құмар ойындарды ой­науы­на тыйым салынады. Ол са­нат­тағы тұлғаларға ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тар­тылады. Талап күшейсе, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған­дар­ға да тоқтам болар деген үміт бар. Өйткені Қаржы мониторингі агент­тігінің дерегінше, тек 2023 жылдың өзінде және осы жылдың I тоқсанында 40-тан астам заңсыз он­лайн ойын алаңдары тара­ты­лып­ты. Сондай-ақ 5,7 мыңнан ас­там сайт пен аккаунттар бұғат­тал­ды. Депутаттар мыңдаған кази­но сайттары, рулетка, лотерея жә­не т.б. компаниялардың қызме­тіне байланысты жыл сайын елден 1 трлн теңгеден астам қаражат шы­­­­ғарылатынын мәлімдеді. Сол се­бепті мәжілісмендер заң жо­басының екінші оқылымына дейін бірқатар ұсыныстарды зерделеп, пысықтап алмақ.   

Зерттеулер көрсеткендей, лу­до­мания дертіне ұшырайтындар­дың дені халықтың әлеуметтік жа­­­ғынан осал топтары. Әдетте, бай­лар артық ақшасын салып, бойы­на сыймаған «буын» шығару үшін ойнаса, ойыннан ақша тауып, «несиемді жабамын», «қары­зы­м­нан құтыламын» деген сенімді сыл­­­таурататындар да көп. Бір жа­ғынан, бұған кредитке өмір сүріп жатқандардың қатары көбейгені де себеп дейді мамандар. Демек, «үл­кендердің» ойынын ойнауға да «үлкен» ақыл, қалың қалта керек.

Бір есептен құмар ойын елі­міз­дегі ойын бизнесін жүргізіп тұр. Ұлт­тық статистика бюросының де­­регіне сүйенсек, букмекерлік кең­селер мен казинолар өз «клиент­те­ріне» 368,7 млрд теңгенің қызметін көр­сеткен. Ал бес жыл ішіндегі қыз­мет көрсетудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асыпты.   

Ойын бизнесі үлкен табыс көзі бол­ғандықтан, ел бюджетіне әке­лер түсімі де едәуір. 2022 жылғы қа­зан айындағы дерекке сүйенсек, са­ладан қазынаға түскен салық 94 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жыл­ғы көрсеткіштен 20%-ға ар­тық. Сондықтан осынша ақша әке­­ліп тұрған құрылымды түбегей­лі жауып тастау да қисынсыз.  

Әлемде лудоманияға қарсы екі жол бар. Біріншісі – рұқсат етілген ар­найы аймақтардан басқа жер­лерде ойын бизнесіне тегіс тыйым салу. Қытай мен Ресей және Араб ел­дері осындай жолды ұстанады. Екін­­ші жол – тыйымсыз әрі рет­теу­­ші шаралар қолдана отырып, ойын­ға тәуелділіктің алдын алу. Яғни, лудоманияға қарсы пси­хо­логиялық және психиатриялық кө­мекті да­мыту. ЕО мемлекеттері, Латын Аме­рикасы елдерінің көп­шілігі осы жол­мен жүреді. АҚШ әзірге екі стра­тегияны біріктіруге тырысуда.

Экономикалық зерттеулер инс­­титутының сарапшысы Алёна Шев­­цова құмар ойындар индуст­рия­сын реттеу, алаяқтықтың ал­дын алу және азаматтардың мүд­­десін қорғау үшін қатаң ережелер ен­гізу қажет деп санайды. «Әлем елдері лудоманияға қарсы күрес бойынша тәжірибе ретінде құма­р ойындарды заңсыз жарнамалау үшін айыппұл мен бас бостандығы­нан айыру шарасын қолданады. Мәселен, Сингапурде оның мөл­шері 20 000 доллар болса, Ұлыб­ри­танияда 2 500 фунт стерлингке дейін айыппұл қарастырады не­ме­се 51 аптаға дейін бас бостан­ды­ғынан айыру көзделген. Бұл – құ­мар ойындар индустриясының жа­ғымсыз салдарымен күресудегі маңызды қадам», – дейді сарап-шы.  

Бауыржан БАЗАР