Біріншілікке Азияның 26 мемлекетінен 500 боксшы қатысып жатыр.
Астанада бокстан Азия чемпионаты басталды
Фото: instagram/boxingkazakhstan
1,549
оқылды

Астанада 22 жасқа дейінгі және жастар арасындағы ASBC Азия чемпионаты басталды. «Beeline Arena» спорт кешеніндегі құрлықтық дода 7 мамырға дейін жалғасады, - деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Aikyn.kz.

Біріншілікке Азияның 26 мемлекетінен 500 боксшы қатысып жатыр. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы):

Жігіттер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Қыздар: – 45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жастар (2006-2007 ж.т. аралығы):

Ержеткендер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Бойжеткендер: – 46-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

"Азия чемпионаты сынды жарысты елімізде өткізу Отандық спорттың дамуына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан осы шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарға және бізге сенім білдірген халықаралық ұйымдарға алғыс білдіремін", - деді ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

"Соңғы жарты жылда екі рет Азия чемпионатын өткізу оңай емес. Сондықтан осындай ерлік танытқан Қазақстанға алғыс білдіремін! Біз үшін Қазақстанға келу үлкен құрмет” - деп алғысын білдірді Азия бокс федерациясының вице-президенті Әли Саламе.

Азия чемпионаты жастар арасындағы сыннан басталды. Қазақстан сапына рингке шыққан барлық боксшы жеңіске жетті.

Олар: Нұрасыл Төлебек (54 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Алексей Хаванцев (60 кг).

Азия біріншілігі ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан бокс федерациясы, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласы әкімдігі және Sport qory қолдауымен өтіп жатыр.