Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына өтті
Фото: ҚТФ
1,384
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры айқын басымдықпен бітірді - 6:1.

Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ - 6:4.

Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгерді ойсырата ұтты - 6:3, 6:1.