Шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.
Қазақстан командасының мүшесі стенд атудан Олимпиадаға жолдама алды
Фото: ҰОК
781
оқылды

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі Олимпиада ойындарына квота жеңіп алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ещенко Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. 

Ал шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. 

Айта кетелік, бұған дейін «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын иеленген еді.