Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды.
Бұршақ жауады: 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com
9,339
оқылды

Қазгидромет 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірге ескерту жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады. 29 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, найзағай кезінде екпіні 23 м/с болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Павлодар қаласында 29 сәуірде оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады.