Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.
Әйгерім Сарыбай семсерлесуден Олимпиада квотасын иеленді
1,360
оқылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы олимпиада квотасын еншіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетті.

Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Айта кетелік, аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады. 

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.