Көшербаев 57 келі салмақтағы қарсыласы, Қатар өкілі Мохаммед Алфагаймен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Қазақстанның екі боксшысы Азия чемпионатында нокаутпен жеңіске жетті
Фото: Sports.kz
1,288
оқылды

Астанада 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақ боксшылары Жансері Көшербаев пен Ахмет Үсен сенімді түрде жеңіске жетті. Бұл туралы Sports.kz жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көшербаев 57 келі салмақтағы қарсыласы, Қатар өкілі Мохаммед Алфагаймен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ал 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ахмет Үсен оңтүстіккореялық спортшы Ли Мин Чжеге қарсы жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қазақстандық мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Астанада Азия чемпионаты 27 сәуірде басталды. 7 мамырға дейін жалғасады.