Бұл – Мағжанның ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысы.
Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
Фото: ҰОК
1,157
оқылды

Дзюдодан Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин күміс медаль иеленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келі салмақтағы финалдық бәсекеде Шамшидин тәжікстандық Мұхаммедсалех Куватовпен кездескен болатын. 

Белдесу Куватовтың жеңісімен аяқталды. Тәжік балуаны "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. 

Ал бұл – Мағжанның ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысы. Шамшидин былтырғы қарашадан бері жарақатына байланысты татамиге шыққан жоқ. 

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанып отыр.