Қазақстандық, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Элина Базарова Астанада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
54 келіге дейінгі боксшылар арасындағы кездесуде қазақстандық боксшы Тәжікстан спортшысы Фотима Бекмурадовамен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді түрде жеңіске жетті.
Элина Базарованың финалдағы қарсыласы – үнді боксшысы Преети Преети.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 сәуірде басталды, 7 мамырда аяқталады.