Қазақстан құрамасы 253.6353 ұпаймен үздік үштікті тұйықтаса, Жапония 323.3207 ұпаймен алтын, Канада 297.5853 ұпаймен күміс медаль иеленді.
Қазақстан командасы әртістік жүзуден әлем кубогында екінші жүлдеге қол жеткізді
Фото: ҰОК
691
оқылды

Әртістік жүзуден Қазақстан командасы Париждегі (Франция) әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, біздің спортшылар командалық сындағы еркін бағдарламада үшінші орыннан көрінді. 

Қазақстан құрамасы 253.6353 ұпаймен үздік үштікті тұйықтаса, Жапония 323.3207 ұпаймен алтын, Канада 297.5853 ұпаймен күміс медаль иеленді. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Наргиза Болатова мен Эдуард Ким аралас жұптық сында алтын медаль алған болатын.