Финалда Ализада Өзбекстан өкілі Фазлиддин Эркинбоевті 4:1 есебімен жеңген қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпековпен алтын үшін сынға түседі.
Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында тарихи жағдай болды
Фото: sports.kz
1,576
оқылды

Ауғанстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты. Аталға ел боксшыларының ақтық сынға шығуы 1995 жылдан бері алғаш рет болып отыр. Бұл туралы Sports.kz жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы турнирде 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ауғандық Каис Ализада жартылай финалда үнді боксшысы Сингх Дхрувты 3:2 есебімен жеңді. 

Финалда Ализада Өзбекстан өкілі Фазлиддин Эркинбоевті 4:1 есебімен жеңген қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпековпен алтын үшін сынға түседі. 

Ауғанстанның Азия чемпионатындағы бұған дейінгі жетістігіне тоқталсақ, 1995 жылы ересектер арасындағы жарыста Джавид Аман болашақ Олимпиада чемпионы, қазақ боксшысы Ермахан Ибраимовпен алтын медаль үшін жекпе-жекке шығып, одан жеңілген болатын.