Қазақстандық боксшылар жалпы саны 24 медальға ие болды.
Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-орынды иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
1,919
оқылды

Қазақстан құрамасы бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында командалық есеп бойынша бірінші орын алды. Қазақстандық боксшылар жалпы саны 24 медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ерлер арасында команда бойынша спортшыларымыз 8 алтын және 5 күміс медаль иеленді.

Азия чемпионы атанғандар: Кенже Мұратұлы (51 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Елнұр Сүйінбай (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), (92 келі) Бекнұр Батырбек

Күміс жүлдегерлер: Ернар Қарап (48 келі), Ерболат Сабыр (57 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі), Ерасыл Таңқай (63.5 келі), Аманат Сабырғали (+92 келі).

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді: 6 алтын, 4 күміс, 1 қола.

Чемпиондар: Гүлнар Тұрапбай (50 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Ақнар Ишанова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі), Диана Мағауияева (81 келі), Елдана Талипова (+81 келі).

Күміс жүлдегерлер: Анита Адишева (52 келі), Элина Базарова (54 келі), Әнел Сақыш (57 келі), Анар Тұрсынбек (63 келі), 

Қола жүлдегер: Анастасия Баязитова (75 келі).

U22 Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде алғашқы үштік қатарына Қазақстаннан бөлек Үндістан және Өзбекстан енді.