Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу сынында грек-рим күресінің өкілдері жолдамасыз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Юрий Мельниченко шәкірттері екі салмақта квота алмағандықтан, Стамбулға Юсуф Мациев (97 келі) пен Дін-Мұхаммед Қошқарды апарған болатын.
Мациев бірінші кездесуде ұтылса, Қошқар турнирдің қола жүлдегері атанды. Алайда, қазақстандық балуан Олимпиада жолдамасы үшін өткен белдесуде египеттік Мұхаммед Ибрахим Эльсаидтен жеңілді.
Осылайша, грек-рим күресінің шеберлері Париж Олимпиадасына 4 салмақта қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.