Еркін күрестен Қазақстан командасы Стамбулдағы әлемдік іріктеу турнирінде олимпиадалық квота иелене алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетелік, еркін күрес шеберлері алты салмақтың үшеуінде жолдамасыз қалып отыр. Бұған дейін 86, 97 және 125 келідегі балуандар іріктеуден өткен болатын.
Стамбулда өткен соңғы іріктеу турнирінде қазақстандық балуандар 57, 65, 74 келіде жолдамаға таласты. Бірақ ешкім межелі орыннан көріне алмады.
Рахат Қалжан (57 келі) қола медаль үшін күресте қытайлық Ваньхао Цзоуға есе жіберді.
Адлан Асқаров (65 келі) жұбаныш белдесуінде ресейлік Нургун Скрябиннен ұтылды.
Нұрғожа Қайпанов (74 келі) қола медаль үшін өткен кездесуде албаниялық Чермен Валиевтан айла асыра алмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.