Қазақстан 139 команданың ішінде 8-орында.
ФИФА: Қазақстан әлемдік рейтингте 8-орында
Фото: ҚФФ
3,233
оқылды

Футзалдан ұлттық құрамалар арасындағы ФИФА рейтингі белгілі болды. Ол алғаш рет Халықаралық футбол федерациясының ресми сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстан 139 команданың ішінде 8-орында тұр. Ел чемпионатының деңгейі мықты, Еуропада да, әлемде де жоғары бағаланып келеді.

Қазақстан құрамасы үшін биылғы жыл ерекше. Ел құрамасы күзде Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына төртінші рет қатысады. Алдағы уақытта отандық команданың алдында рейтингте жоғары көтерілу міндеті тұр.

Бүгінде ФИФА-ның үздік ондығы мынадай:

  1. Бразилия – 1568 ұпай;
  2. Португалия – 1527;
  3. Испания – 1514;
  4. Иран – 1469;
  5. Аргентина – 1439;
  6. Марокко – 1425;
  7. Ресей – 1425;
  8. Қазақстан – 1422;
  9. Таиланд – 1316;
  10. Франция – 1291.