63,5 келіде сынға түскен боксшы 2015 жылғы әлем біріншілігінің жүлдегерін жеңді.
Алмат Әбдуали халықаралық турнирде әлемге танымал боксшыны жеңіп, сенсация жасады
3,215
оқылды

Бокстан Астанада өтіп жатқан Елорда кубогі турнирінде қазақстандық Алмат Әбдуали әлемге танымал боксшыны жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 63,5 келіде сынға түскен боксшы 2015 жылғы әлем біріншілігінің жүлдегері, екі бірдей Олимпиада қатысушысы, үндістандық Шива Тапаны жеңді. Есеп – 4:1. 

Сондай-ақ, бүгін шаршы алаңға шыққан спортшылар арасынан Сағындық Тоғамбай, Айбек Оралбайлар қарсыластарын жеңіп, келесі айналымға өтті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.