Елорда кубогы турниріне 8 мемлекеттен келген спортшылар қатысып жатыр.
Сәкен Бибосынов халықаралық турнирде өзбекстандық боксшыны сенімді түрде жеңді (видео)
Фото: ҰОК
1,029
оқылды

Бокстан Астанада өтіп жатқан Елорда кубогы халықаралық турнирінде Сәкен Бибосынов келесі айналымға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Сәкен Бибосыновтың бірінші жекпе-жегі өзбекстандық Мухаммадкодир Мамиржоновпен өтті. Нәтижесінде боксшымыз қарсыласын сенімді түрде жеңді. 

Айта кетелік, Елорда кубогы турниріне 8 мемлекеттен келген спортшылар қатысып жатыр. Олардың қатарында Париж Олимпиадасына қатысатын боксшылар да бар. 

Сәкен Бибосынов туралы айтар болсақ, ол – бокстан Қазақстан құрамасының үздіктерінің бірі. 

Оның жетістіктер тізімінде 2021 жылғы әлем чемпионатындағы «алтын», Азия чемпионатындағы «күміс» және «қола», сондай-ақ 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарындағы қола медаль бар. Биыл жазда Бибосынов Парижде өтетін Олимпиадада өнер көрсетеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.