Боксшы Махмұд Сабырхан Астанадағы Елорда кубогында жеңіліссіз келеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
57 келіде сынға түскен Махмұд жарыстың ширек финалында өзбек боксшысы Худойназар Фаизовтан басым түсті.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов, Тимур Қабдеш, Кәрім Серкебаевтар бүгінгі жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған болатын.
Айта кетелік, Астанадағы халықаралық турнирге 8 мемлекеттен келген спортшылар қатысып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.