Аутизмі бар балаларды қолдауға арналған Астанада жүгіруден өтетін қайырымдылық жарысына Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мұндай марафон «Болашақ» корпоративтік қоры серіктестердің қолдауымен өткізілмек. Басты мақсат – аутизм туралы ақпаратты тарат отырып, ең әуелі аутизмі бар жандардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асуына көмектеспек.
Жиналған қаражатты балабақшалардағы аутизм және ментальді бұзылулары бар балаларға арналған инклюзиялық кабинеттерді ашуға бағытталады. 2023 жылдың сәуірінде осы жарыстың алғаш рет өткен еді. Содан жиналған қаржыны «Болашақ» қоры Астана қаласы №54, №60 және №66 балабақшаларында үш инклюзиялық кабинеті жабдықталды. Аутистік спектрдің бұзылулары бар 18 бала осы кабинеттерде дәріс алды.
Жүгіру қашықтығы төрт түрлі: 1 шақырым, 2,5 шақырым, 5 шақырым және 10 шақырым. Жарысқа қатысу үшін 5 990 теңгеден бастап 8 990 теңгеге дейін төлеуі тиіс. Форматы: офлайн, онлайн. Жүгіруге кәсіби спортшылар, жүгірушілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар мен олардың ата-аналары және т.б. қатысады.
Жүгіруге Қазақстанның 17 қаласынан 2 300 адам тіркелді. Онлайн жүгіруге 8 қаладан 14 адам тіркелді. Сайыстың қонақтары: ММА және джиу-джитсудан бес дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені, балуан Сергей Цырульников және басқалары. Іс-шара барысында аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.
Қатысушылар арасында бағалы жүлделер: смартфондар, премиалды киім брендтері, кофехана, тіс емханалары мен жүзу мектебінен сертификаты сыйлыққа беріліп, фитнесс-орталықтан 1 жылдық абонемент секілді басқа да ұтыстар ойнатылады.
Run for autism қайырымдылық марафоны Астана қаласы әкімдігі, «AMANAT» партиясы, ERG компаниясы, Integra Construction компаниясы, NAK құрылыс холдингі, SF дәмді тағамдар желісі, Myd Production компаниясы, G-life ауызсуы, «K-cell» компаниясы, Argymaq бренді, ZAVOD ивент агенттігі, NV Clinic тіс емханасы, Teethalign компаниясы, Templ фитнесс орталығы, WOW Swim жүзу мектебі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ, Coffee Day кофехана желісі, SL компаниясы, Қазақстандық спортшылар кеңесінің Nomad Triathlon Club, My Start, Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен өтеді.
Ақпараттық серіктестер: NUR Media медиахолдингі, «Қазақпарат» ХАА, Jibek joly телеарнасы, Sxodim, «А98 – новости Астаны», «Хабар» Агенттігі» АҚ, «24KZ» телеарнасы, Smartnews порталы, Super Kyz, «Бегу баста».
Run for autism – бұл аутизмді зерттеуді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Run for autism форматтары: марафон, жартылай марафон, триатлон, жүгіріс және т.б. Олар әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б.
ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
сағ. 8.10 – ұйымдастырушылар мен қатысушылармен сұхбаттың басталуы;
сағ. 8.45 – іс-шараның ашылуы, алғы сөз;
сағ. 9.00 – қашықтықтар бойынша жүгірістің басталуы.