Астанада бокстан Елорда кубогі халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Бүгін жартылай финал жекпе-жектері аяқталып, ақтық сынға өткен спортшылар анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитет ерлер арасындағы финалдық жұптарды жариялады:
48 келі: Асхат Жүсіпов – Аратаке Казума (Жапония)
51 келі: Сәкен Бибосынов – Дамир Әбдіқадыров
54 келі: Кәрім Серкебаев – Тимур Қабдешов
57 келі: Махмұд Сабырхан – Оразбек Асылқұлов
60 келі: Талғат Сырымбетов – Серік Теміржанов
63,5 келі: Набинижад Әли (Иран) – Адхамжон Мұхиддинов (Өзбекстан)
67 келі: Нұрбек Нұрсал – Ихтияр Нышонов (Қырғызстан)
71 келі: Темірхан Тезек – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
75 келі: Армат Арманұлы – Тимур Нұрсейітов
80 келі: Тоқтарбек Таңатхан (Қытай) – Рахматулла Бойматов (Өзбекстан)
86 келі: Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахбердиев (Әзербайжан)
92 келі: Сағындық Тоғамбай – Хан Хувен (Қытай)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Айбек Оралбай
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.