Отандасымыз жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған швециялық Элиас Имермен шеберлік байқасты. Бір сағат 18 минутқа созылған кездесуде Э.Имер 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, финалға өтті.
Тағы бір қазақстандық теннисші әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко Бордо (Франция) челленджер жарысының ширек финалына шыға алмады. Доданың 3-ракеткасы болып тіркелген ол екінші айналымға бірден өткенімен, рейтингіде 123-сатыдағы франциялық Джованни Мпеши-Перрикардан тартысты матчта жеңіліс тапты – 6:7 (2:7), 6:3, 3:6. Бұл бәсеке 1 сағат 54 минутқа созылды.